Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті Жалпы жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күн тәртібіне өкілетті мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев қайта сайлау мәселесі қойылды.
Жалпы жиынға қатысушылардың барлығы (лига мүшелері - футбол клубтары) Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті қызметіне Олжас Абраев қайта сайлауға дауыс берді.
Ұйым жарғысына сәйкес, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Жалпы жиын отырысында екі жыл сайын сайланады.