«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков команданың УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі нәтижесін қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.

- Кез-келген турнирден қорытынды шығарып, сабақ ала білуіміз керек. Бұл маусым бәлкім, соңғы он жылдағы ең қиын, ең мол тәжірибе сыйлаған маусым шығар. Мен мынаны айтқым келеді: команда үнемі жеңіске жете бермейді. Соңғы он жыл ішінде біз еуропалық рейтингтің көшбасшы орындарында болдық. Команда бейне адам секілді, кейде жоғарылайды, кейде төмендейді. Мысалы, бір жыл бұрын біз Чемпиондар лигасының күміс медалін алдық. Қазір құрамды жаңартып жатырмыз, бұл процесс екінші жыл жалғасуда. Бірақ барлық ойыншылар командаға сәтті сіңісіп кете алмады. Ертеңнен бастап ойыншы іздеуді бастаймыз, мүмкін бүгін түннен бастармыз (күлді).

Бюджет туралы да айта кету керек. Бәрі «Қайратқа» жанкүйер болғанды ​​жақсы көреді, бірақ ешкім көмектескісі келмейді. Көмек сұрасақ, біреуде уақыт жоқ, біреуде ақша жоқ. Бізге өте көп көмек қажет емес. Егер олар бюджеттің 30%-ына көмектесе алатын болса, біз тағы да жоғары деңгейде өнер көрсететін боламыз.

- Қай қарсылас сізді таңқалдырды?

- Барлық командалардың ішінде маған «Эль-Посо» өте ұнады. Өте керемет команда екен. Меніңше, ол тіпті Чемпиондар лигасын жеңіп алуға да қауқарлы.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Бенфикаға» есе жіберді