Әйгілі ресейлік блогер, бұрынғы футболшы Евгений Савин («КраСава») «Астана» — «Манчестер Юнайтед» матчына келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Блогердің келу мақсаты - аяқсыз туылған Әли Тұрғанбековпен кездесу.

Савин «Анжи», «Химки» және «Амкар» секілді клубтарда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчы 28 қараша күні «Астана Аренада» өтеді.