Қазақстандық былғары қолғап шебері Әбілқайыр Шегалиев (8-0, 4КО) Уганда боксшысы Мохамед Себьялмен (19-13-1, 16КО) кездесу өткізген болатын.

Әбілқайыр өзінің жойқын нокдауны арқасында угандалық қарсыласын жеңе білді. Аталмыш жеңісінен кейін қазақстандық боксшы BoxRec.com сайтында 356-орыннан 195-ші орынға жайғасты.

Айта кетейік, қос боксшы Дубайдағы бокс кешінде жұдырықтасқан болатын.