«Аят» футзал клубының Чемпиондар лигасы элиталық турындағы «Спортингке» қарсы екінші матчына мыңнан астам көрермен қатысты.

Рудныйлық «Аят» пен Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Спортинг» арасындағы ойынға 1023 көрермен жиналды. Матч португалиялықтардың пайдасына 5:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік «Аяттың» қатысумен өткен алғашқы «Тюменьмен» болған ойынға 2845 адам келген еді.