Францияның ПСЖ клубы шабуылшысы Килиан Мбаппеге үлкен сомадағы келісімшарт ұсынады, деп хабарлайды, Prosports.kz.

Дереккөздердің жазуынша клуб басшылығы Мбаппені 5 жылға дейін қалдыруды көздейді. Тіпті ойыншының жылдық табысы бонустарды есептемегенде 30 миллион еуроны құрайтын көрінеді.

Айта кетелік, Килиан Мбаппе биылғы маусымда париждік команда сапында 11 ойын өткізіп, 9 голдың авторы атанды және 4 нәтижелі пас берді.