Тюменьде Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің В тобындағы ойындар жалғасуда. «Аят» екінші ойында португалдық «Спортингпен» кездеседі.

Бұған дейін «Спортингпен» қазақстандық клубтар үш рет кездескен. Үшеуінде де португалдықтарға «Қайрат» қарсы ойнады. Бір ойында алматылық команда ұтса, екі матч Пиреней түбегінің өкілдерінің пайдасына шешілген.

29.04.2011ж. Алматы. Жартылай финал «Спортинг» - «Қайрат» - 3:2;

10.04.2018 ж. Приштина (Косово). Негізгі айналым. «Қайрат» - «Спортинг» - 2:1;

28.04.99. Алматы Финал. «Спортинг» - «Қайрат» - 2:1.