Испания астанасы Мадридте Дэвис кубогының финалдық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кеше Нидерланды теннисшілерін жеңген Қазақстан құрамасы бүгін Ұлыбританиямен кездесіп жатыр.

Бүгінгі бірінші кездесуде отандасымыз Михаил Кукушкин Кайл Эдмундтан жеңіліп қалды. 1 сағат 14 минутқа созылған ойын 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.

Енді кортқа Александр Бублик шығады. Ол Дэниэл Эванспен кездеседі.