Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан бокс мектебінің негізін қалаған Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді.

Шоқыр Бөлтекұлы - Қазақстаннан шыққан КСРО-ның тұңғыш спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Турнирге Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Қазақстаннан 70-тен астам боксшы қатысады.

Бүгін жарыстың ресми ашылуы мен алдын ала іріктеу кезеңі өтеді. Финал 24 қараша күніне жоспарланған.