Теннистен Испания құрамасының көшбасшысы Рафаэль Надаль Дэвис кубогы финалдық матчын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей құрамасына қарсы кездесуде (жалпы есеп 2:1) Надаль Карен Хачановты екі сетте ұтып кетті.

Айта кетелік, Рафаэль Дэвис кубогында қатарынан 25 рет жеңіске жетті. Испаниялық теннисші осыдан 15 жыл бұрын чехиялық Иржи Новактан жеңіліп қалған болатын.

Еске сала кетейік, Надаль осы маусымды спорттық мәнсабында бесінші рет әлем рейтингі көшбасшысы статусымен аяқтамақ.