Жеңіл салмақтағы үш белбеудің иегері украиналық боксшы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) командасы қарсыластарын қалай таңдайтынын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz спортшының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Альвареске қарсыласты дұрыс, әрі «біртүрлі қызық» таңдайды. Оның қарсыластары атағы шыққан, бірақ TOP-деңгейде емес, бұрынғы қабілетқарымынан айырылған боксшылар. Мәселен Ковалев мықты болып тұрғанда, Сауль оның салмағына көтерілген жоқ. «Канело» Бивол немесе Бетербиевпен келісім жасамай, Сергейді таңдады», дейді Ломаченко.

Еске сала кетелік, жақында ғана Сауль Альварес ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен кездесіп, нокаутпен жеңді.