Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері "Мир 24" телеарнасына берген сұхбатында ұлының неге октагонға Ресей туымен шықпайтынын түсіндірді. Дағыстандық спортшы көбіне тұтас елдің емес, өз өңірінің патриоты деген сынға ілігеді. Таяуда Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Конор Макгрегор былай деген еді: "Оның Ресей намысын қорғайтынына сенімді емеспін. Ресейдің атынан шыққан адамның Ресей туын алмағанын көрмеппін". Абдулманап Нурмагомедов мәселенің туда емес екенін айтады. "Бізді Dagestan, Russia деп хабарлайды. Дағыстан - бұл Ресей. Бізде үлкен де, кіші де отан бар. Біз Ресей Федерациясының құрамындағы субъектіміз. Бізді әрдайым ресейлік ретінде хабарлайды", - дейді UFC чемпионының әкесі. Бұған дейін Хабиб Нурмагомедовтің өзі неге Ресей туымен шықпайтынын түсіндірген: "Туды алып шығып, өз елінің намысын қорғап жүрмін дейтін адамдардан айырмашылығым - мен әйелдерді зорламаймын, қарттарды ұрмаймын. Ел намысын басқаша қорғаймын. Бұл патриотизм көрсеткіші деп санамаймын. Туды көтеріп шығу аз. Соған сай болуың керек".