Испания астанасы Мадрид қаласында теннистен Дэвис кубогы басталды. Алғашқы матчта Михаил Кукушкин жеңіс тойын тойлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нидерландылық Ботик ван де Зандсхульппен кездескен қазақстандық теннисші екі сетте де қарсыласынан басым түсіп, 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.

Айта кетейік, қос құрама теннисшілері тағы да екі ойын өткізеді. Келесі матчта Александр Бублик пен Нидерландының бірінші ракеткасы Робин Хасейге қарсы кортқа шығады.

Нидерланды құрамасынан кейін, Қазақстан құрамасы 21 қараша күні Ұлыбританиямен жолығады.