Сербиялық қорғаушы Александар Симчевич «Ақтөбеге» қайтып оралады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Симчевич маусым басында ақтөбелік клуб сапында дайындық жасады, алайда ойыншыларды тіркеуге тыйым салынуы себебінен, командадан уақытша кетуге мәжбүр болды. Жазда «Таразбен» маусым соңына дейін келісімшартқа отырды.

Туған жылы: 15 ақпан 1987 жыл (32 жаста)Азаматтығы: СербияАмплуасы: қорғаушыСоңғы ойнаған клубы: «Тараз»Бойы/салмағы: 188 см./ 79 келі.

Еске сала кетелік, Александар Симчевич бүгін өткен «Тараз» - «Ақжайық» матчында өз қақпасына гол соғып алды.