Португалия құрамасы және туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кампаниясында Люксембург командасының қақпасын дәл көздеп, ұлттық құрама сапындағы 99-голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетелік, бұл матчта португалиялықтар 2:0 есебімен басым түсіп, Еуропа чемпионатының финалдық турниріне жолдама алды.