18 қараша күні Алматыда үстел теннисінен кадеттер арасындағы Hopes Week турнирі басталады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан келген жас спортшылар алдымен іріктеуден өтеді.

Ал 23-24 қараша күндері Орталық Азиядағы ірі халықаралық лагерде бақ сынайды.

Турнирге жолдама алуы мүмкін спортшылар қатарында Виктория Мочалкина (Қарағанды), Нұрислам Қасым (Шымкент), Рамазан Нәзір (Түркістан), Бақдәулет Сәуірбай (Шымкент) сынды жас таланттар бар.