Египеттің Каир қаласында саблямен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі аяқталды.

Әлемдік сынға Қазақстан атынан төрт спортшы қатысқан болатын. Жарыс нәтижесінде Илья Мокрецов 103-ші, Назарбай Саттархан 131-ші, Бақдәулет Құралбек 161-ші орынға тұрақтады.

Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Артем Саркисян 180-ші сатыда.

Сабляшылар бәсекесінде франциялық Винсент Астет жеңіске жетті. Күміс жүлдені италиялық Луиджи Самеле иеленсе, тунистік Фарес Фержани үздік үштікті қорытындылады.