Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары сәтті өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Жастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қазақстан құрамасының еншісінде - алты алтын, бір күміс, екі қола.

Қазақстандықтардың қатысуымен өткен финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:

49 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Селай Сой (Үндістан) - 4:152 келі Махмуд Сабырхан - Сухет Суравут (Тайланд) - 5:056 келі Бейбарыс Жексен - Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) - 5:064 келі. Дархан Дүйсебай - Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) - 5:075 келі Азамат Бектас - Сухробжон Каимов (Өзбекстан) - 1:491 келі Тоғамбай Сағындық - Самадов Амиршох (Өзбекстан) - 5:0+91 кг. Аманат Сабырғали - Ю Донг Джин (Оңтүстік Корея) - 5:0.

Марғұлан Айдарұлы(69 келі) мен Ерасыл Жакпеков(81 келі) қола медальды қанағат тұтты.

Жалпыкомандалық есеп:

1. Қазақстан — 6-1-2 (9)

2. Өзбекстан — 3-3-2 (8)

3. Жапония — 1-0-2 (3)