Қытайдың Шаньтоу қаласында өтетін триатлоннан Азия кубогында қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп жазады Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс хаттамасында Аян Бейсенбаевтың да аты бар. Ол жақында ғана Доминикан Республикасында өткен әлем кубогының кезеңіне қатыстып келген болатын. Аян Санто-Домингода 42-орыннан көрінді.

Шаньтоуда әлемнің әр түкпірінен 30-ға жуық триатлоншысы қатысады.