Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан жастар арасындағы әдем чемпионатында қыздар рингке көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық Әнел Сақыш Үндістан боксшысы Бабироджисан Наорем Чанумен жұдырықтасқан. Үнді қызы ұпай санымен жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанса, Әнел күміспен күптелді.