Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қос боксшы құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Махмуд Сабырхан тайландтық Скутхет Суравутты жеңді. Кездесудің барлық төрешісі қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.