Мюнхендік «Бавария» футбол клубының президенті Ули Хенесс қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

67 жастағы Хенесс 40 жылдан бері мюнхендік клубытың әртүрлі басшылық қызметінде болды.

Хеннес 17 жасында «Баварияның» жейдесін киген, әрі 1970-1979 жылдары клубта өнер көрсетті. Жарақатына байланысты 27 жасында мансабын аяқтаған Ханнес 1979 жылы клубтың менеджері болып бекітілді. Сол кезде ол Бундеслига тарихындағы ең жас менеджер атанды.

Осыдан бастап ол клубты 2014 жылы наурызға дейін басқарды. Сол жылы салық төлеуден жалтарғаны үшін 3,5 жылға сотталды. Бірақ, 2016 жылы ақпанда түрмеден мерзімінен бұрын босатылды. Араға бірнеше ай салып, «Баварияның» президенттігіне қайта оралды.