«Астана» баскетбол командасының бапкері Эмиль Райкович Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады, деп жазады Prosports.kz.

Македониялық маман Қазақстан құрамасын 2021 жылғы Азия кубогының іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға дайындайды.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Иордания, Шри-Ланка және Палестина құрамаларымен бірге F тобына түсті. Әр топта бірінші және екінші орын алған құрама 2021 жылғы Азия Кубогына барады.