«Ростовтың» бұрынғы директоры Юрий Белоус командадағы қаржылық қиындықтар туралы айтып берді.

«Бір таңқалдыратыны, команданың әлі күнге дейін нақты басшысы жоқ. Облыс басшылығы футболшылармен кімнің келісімшарт жасасатынын, айлықты қалай төлейтінін, қанша төлейтінін қадағаламайды. Қатаң бақылау болмаған кезде футболшылардың 3-4 ай бойы жалақыларын ала алмаған сәттер болған. Егер осылай жалғаса берсе команда банкрот болып, кәсіпқой статусынан айырылып қалады», - деп келтіреді бұрынғы директордың сөзін News.ru сайты.

Айта кетейік, биыл «Ростовтың» сапына Қазақстан құрамасынының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов қосылған еді.