Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Нұрсұлтан «Сұлтан» Қасымханов АСА тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласқан спортшысымен жекпе-жек өткізеді.

Нұрсұлтан Қасымханов 29 қараша күні Алматыда АСА мен «Алаш Прайд» тұжырымы бірлесе өткізетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Отандасымыз АСА 102 турнирінде АСА тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласқан спортшы Александр Педусонмен (12-3) жекпе-жек өткізеді.

Әу баста, отандасымыз UFC тұжырымының бұрынғы спортшысы болған Августо Мендеске (6-3) қарсы жекпе-жек өткізу керек болған. Қос спортшы жартылай жеңіл салмақта (66келі) сынға түседі.