ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында өтетін Сан-Марино - Қазақстан матчына түркиялық төрешілер қазылық жасайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында бас қазының қызметін түрік төрешісі Али Палабыйык атқарады. Оған қос қапталдан отандастары Мустафа Эйсой мен Шеркан Олгюнкан көмектеседі. Ал төртінші төреші - Мете Калкаван.

Айта кетейік, Сан-Марино - Қазақстан матчы 16 қараша күні 23:00-де Серравалле қаласында өтеді.