Америкалық ММА файтері, UFC-дің бұрынғы балуаны Джейсон Найт дәретхана кабинасында төбелесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Найттың қатысуымен өткен төбелесті UFC файтері Брок Вивер жария етті.

Видеода 27 жастағы Найттың екі ер адамға қарсы шайқасқа түскенін көруге болады.

Айта кетейік, Найт сәуір айында Bare Knuckle FC турнирінде дебютінде UFC-дің бұрынғы ресейлік Артем Лобовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

16 қараша күні балуандар BKFC 9турнирі аясында реванш өткізеді.