28 жастағы беларуссиялық қорғаушы Андрей Лебедев келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Жетісудан» кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының өзі бұл ақпаратты растап, былай түсіндірді: «Бәрі қарапайым. Келісімшарт мерзімі аяқталды».

Осы маусымда 28 жастағы Андрей Лебедев «Жетісу» құрамында 17 матч өткізді. Лебедев талдықорғандық команда қатарына 2018 жылы қосылған болатын.