Көкшетаудың «Арлан» өз алаңында Өскеменнің «Алтай Торпедо» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан чемпионаты аясында «Арлан» клубы қонақтарға 3:5 есебімен есе жіберді.

Қонақтар сапынан Архипов (2 шайба), Богачонок, Куянов, Колобов көзге түсті. Алаң иелерінен Шитиков пен Маркелов шайба соқты.

Бұдан бір күн бұрын өткен кездесуде айдын иелері қонақтарды 5:2 есебімен ұтқан болатын.

65 ұпай жинаған «Арлан» Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр.