Армения құрамасы мен талдықорғандық «Жетісу» клубының ойыншысы Камо Оганесян басқа чемпионатқа ауысқысы келетінін айтты.

- Қазіргі командаммен келісімшартымның мерзімі аяқталды. Тамаша маусым болды. Тәжірибе жинадым. Енді бағымды басқа командада, басқа чемпионатта сынап көрсем деймін, - деді Камо Оганесян армениялық БАҚ-қа берген сұқбатында.

Айта кетейік, Армения құрамасының ойыншысы «Жетісу» клубына 2018 жылдың наурыз айында келді. Биыл ел чемпионатында 26 матчқа қатысып, 5 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.