Қазақстандық бокстың жарқын жұлдызы Руслан Мәдиев алғашқы кездесуін АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қарағандылық боксшы АҚШ-тағы Головкин - Рубио кездесуінің кешінде өнер көрсетеді. Рингке GGG Promotions боксшысы ретінде шығатын Руслан жеңіл салмақ бойынша мексикалық Джоана Валенсуэлаға қарсы тұрмақ.