Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұрынғы тізіммен салыстырғанда қазақстандық боксшылар өз салмақтарындағы рейтингте аздап жоғарылады.

Жақында ғана Альберт Онолуності жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental America белдіктерін қорғап қалған Жәнібек Әлімханұлы жаңа рейтингте 15 үздік боксшының қатарына қосылды (рейтингтің алдыңғы нұсқасында ол 16-шы орында болған).

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов төрт саты жоғарылап, 29-шы орынға жайғасты.

Ал өзге салмақтардағы қазақстандықтардың көрсеткіші мынадай:

Екінші орта салмақ. Әли Ахмедов - 14 (15), Айдос Ербосынұлы - 33 (34);

Бірінші орта салмақ. Садриддин Ахмедов - 27 (33), Мадияр Ашкеев - 39 (40), Қанат Ислам - 23 (24)

Жартылай орта салмақ. Нұрсұлтан Жаңабаев - 30 (33);

Бірінші жартылай орта салмақ. Батыр Жүкембаев - 12 (13);

Жеңіл салмақ. Виктор Коточигов – 22 (25);