Улан-Баторда (Моңғолия) бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. Ол түркімен спортшысы Юнус Шамсиевті 5:0 есебімен ұтты.

Боксерлер 56 келіге дейін салмақта жұдырықтасты.