Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында балуандарымыз белдесті.

93 келі салмақта cынға түскен қазақстандық Мамед Ибрагимов қола медаль жеңіп алды. Жартылай финалда сүрінен ол, үшінші орын үшін болған кездесуде үндістандық Сативарт Кадиананы ұтты – 3:0.

Айта кетейік, Мамед жарыстың жартылай финалында 1:3 есебімен қырғыз елінің спортшысы Магомед Мусаевқа ұтылған еді.