Қазақстан Премьер-лигасы аяқтала салысымен «Астана» футболшылары бір апталық еңбек демалысын алды. Одан кейін Еуропа лигасы аясында «Манчестер Юнайтедке» қарсы жаттығуларын бастайды, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған қоса елордалық клубтың бірнеше ойыншысы ұлттық құрамаларының сапына қосылады, олар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Юрий Перцух (Қазақстан), Рангело Янга (Кюрасао), Рунар Сигурьонссон (Исландия) және Иван Маевский (Беларусь).

Еске сала кетелік, «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчы 28 қарашада «Астана Арена» стадионында өтеді.