Қазақстан чемпионатының 27-ші туры аясында Алматы қаласында жергілікті «Қайрат» ел чемпионы «Ақтөбені» қабылдады.

Бұл кездесу қызықты болатыны бесенден белгілі еді. Өйткені өткен жылғы ел чемпионы мен сол чемпиондыққа  басты үміткер кездесті. Матч басталмай жатып қызыққа толы болды: ақтөбелік жанкүйерлер қаланың басты көшелерінің бірінде шеру өткізіп, «Қайрат» пен қала тұрғындары бағытына балағат сөз айтып жатты. Тіпті Абай көшесінің бойында қос клуб жанкүйерлері төбелесіп, тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Ал матчтың өзі өте жылдам қарқынмен басталды. Қос команда да тез гол соғуға тырысты. Осындай мүмкіндіктің біріне бразилиялық Исаэль ие болған еді, алайда оған дәлдік жетіспеді. Алғашқы 20 минуттық голсыз өткенімен, дәл сол Исаэль есепті ашты. Оның алыстан бағыттаған соққысы Сидельниковтың иелігінен табылды – 1:0.

Владимир Газзаевтың шәкірттері матч мұдай бағытқа өзгерерін білмегендей,біраз есеңгіреп қалды. Алғашқы таймның соңында қонақтардың таразы басын теңестіретін мүмкіндігі болды. Маркос Пизелли қарсылас айып алаңына еніп барып, допты тура Хомичтің қолына сап берді.

Екінші тайм басталысымен қонақтар екі бірдей ойыншысын алмастырды: Хайруллиннің орнына Тимура Кападзе, Шабалиннің орнына Тағыберген шықты алаңға. Дегенмен алматылықтар бірден бір-біріне бас айналдырарлықтай пас беріп, соңы Бауыржан Исламханның допты тура тоғыздыққа дөп түсіруімен аяқталды.

Бұдан кейін екі жақ футболшылары көп сөзге келіп қалып жатты. Бас төреші Артем Кучин жағдайды дер кезінде дұрыс бағамдай білді. Қалған уақытты «Қайрат» ойыншылары допты ары-бері алып жүрумен болды. Егерде алматылықтардың қос бірдей голы оффсайд деп танылмағанда, есеп 4:0-ге дейін жететін еді.

Осылайша чемпиондыққа үміткер қос клубтың арасындағы кездесу алматылықтардың пайдасына шешілді. «Қайрат» чемпион болуға бір қадам жақындаса, «Ақтөбе» жағдайын нашарлатып алды.

 

Премьер-Лига. 27-ші тур.

«Қайрат» (Алматы) - «Ақтөбе» (Ақтөбе) - 2:0 (1:0)      

 Голдар: Исаэл 21, Исламхан 52

«Қайрат»: Хомич, Куантаев, Кислицын, Маркович, Бакаев, Куат, Исламхан, Исаэл, Плиев, Гоу (Дарабаев, 42)

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Царикаев, Мирошниченко, Пизелли, Хайруллин (Кападзе, 50), Неко, Арзуманян, Тагыберген, Коробкин, Сантана.

28 қыркүйек 2014 жыл.  Алматы, Орталық стадион