Қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Астанаға» қарсы өткен кездесуде жеңісті есепті ұстап қала алмады.

Голсыз өткен бірінші таймнан кейін Дмиторий Огай шәкірттері 58-ші минутта есепті ашты. «Қайсар» футболшысы Антон Землянухин айып добын керемет орындап, гол авторы атанды. Дегенмен, ойын соңында елордалықтар бар күшін жинап, Роджер Каньястың көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. 

Осылайша, «қасқырлар» қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.

Премьер-Лига. 27-ші тур

«Қайсар» (Қызылорда) – «Астана» (Астана) 1:1 (0:0)

Голдар: 1:0 – Землянухин (58), 1:1 – Каньяс (90+3)