Қазақстан футбол федерациясы 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік футболшылар, бапкерлер және менеджерлерді салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Шара 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.

Марапаттау рәсімінде ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады.

Салтанатты шараны «Хабар» телеарнасы көрсетеді.