Украиналық боксшы Сергея Деревянченконың (13–2, 10 КО) бапкері Андре Розье Геннадий Головкинмен (39–1–1, 35 KO) қарымта матчты қалайтынын айтты, деп жазады Prosports.kz. (39–1–1, 35 KO).
«Деревянченко – менің жақсы көретін боксшыларымның бірі. Ол маған ұнайды. Біз әріптестік туралы уағдаласқанда, мен оны ешуақытта тастамайтынымды айтқанмын. Сергейдің құдай берген дарыны бар, ол үнемі жымиып жүреді.
Деревянченко келесі жекпе-жегінде қаншалықты мықты екенін дәлелдейді. Біз «Канеломен» кездескіміз келген, алайда оның 160 фунтқа оралуы екіталай. Головкин қарымта кездесуге келісер деп үміттенеміз.
Головкин «Канелодан» қарымта қайтарғысы келеді. Бұл жекпе-жек тек ақша табу үшін ғана керек сияқты. Біз өзіміздің жеңілісімізді жеңіспен жапқымыз келеді. Бұл әділетті дүние болар еді», деді Розье.
Еске сала кетелік, 6 қазан күні Геннадий Головкин Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Комментарии