Астаналық «Барыс» өз алаңында мәскеулік «Динамоға» күші жетпей, осымен екінші жеңілісіне ұшырады.

Алғашқы кезеңде екі команда да жеңіске деген құлшыныс танытты. Содан да болар, алғашқы 20 минутта «Барыс» пен «Динамоның» хоккейшілері алма-кезек шабуылдап-ақ бақты. Бірнеше рет қонақтар қақпасы алдында қауіпті сәттер де туындады. Бірақ барыстықтар еш нәтиже шығара алған жоқ. Қонақтар екінші кезеңде «Барыс» қақпасына екі шайба соқса, елордалықтар тек бір шайбамен жауап қатты.

 

«Барыс» (Астана) – «Динамо» (Мәскеу) 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)0:1 – Карсумс – 21:070:2 – Даугавиньш (Горовиков, Пестушко) – 22:481:2 – Пушкарев (Церенок, Уппер) – 31:20Қақпашылар: Лацо – Еременко