Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Братиславадағы «Челленджердің» жартылай финалына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов/Голубев жұбы жартылай финалда Ебавы/Зеленай.жұбымен ойнады. Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылып, чехиялық-словакиялық спортшылардың пайдасына 7(7):6(5), 6:4 есебімен аяқталды.

Өкінішке орай, Недовесов пен Голубев өтіп жатқан турнирдің финалына шыға алмады.