Инчхондағы Азия ойындарының топтық турниріндегі екінші матчында Қазақстан ерлер құрамасы Катар командасынан айласын асырды. 

Үлкен үзілісте қазақстандықтар бес ұпай айырмашылығымен жеңіліп жатты. Алайда үшінші партияны Виталий Стребков шәкірттері ойын тағдырын өзгертіп, өз пайдасына «+11-мен» аяқтады. Нәтижесінде қазақстандық ұжым 65:57 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші ойында қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жол берді. 

 

Катар – Қазақстан 57:65 (14:12, 14:11, 14:25, 15:17)

Қазақстан: Гаврилов (22), Колесников (17, 12 подборов), Пономарев (13, 13 подборов), Ильин (7), Мырзағалиев (3), Климов (2).