Қазақстандық ММА файтері Шахмарал Жетпісовтің (9-3) келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр салмақтағы спортшы 29 қарашада Алматыда өтетін ASA 102 және Alash Pride бірлескен турнирінде өнер көрсетеді.

Шахмаралдың қарсыласы бразилиялық Роджерс Соуза (9-2) болмақ.