Көптеген кедергілерге қарамастан, Дэинел Джейкобс пен Хулио Сезар Чавес жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы орта салмақтағы чемпиондар 20 желтоқсанда Лас-Вегаста рингке шығуы керек болатын. Алайда Чавестің допинг-тесттен бас тартуына байланысты жекпе-жектің өтуі күмән тудырған еді. Осы оқиғаға байланысты Невададағы спорт комиссиясы Чавесті жекпе-жектен шеттеткен.

Чавестің өзінің айтуынша, тестілеуден бас тату себебі, допингке қарсы агенттігінің өкілі оған жеке басын растайтын құжаттарды көрсетпеген.

Бокс кешін ұйымдастырушылар бұл жағдайдан шығудың жолын тапты. Енді жекпе-жек басқа штатта - Аризонада өтеді. Кездесу өтетін күн өзгеріссіз қалды - 20 желтоқсан.