Қазахстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

9 қараша күні Фресно қаласында өтетін бокс кешінде Әлімханұлы WBC Continental Americas белбеуін қорғайтын болады. Қарсыласы - Нигериядан шыққан канадалық Альберта Онолуносе.

Жәнібек Instagram желісіндегі парақшасына «9 қараша. Ерекше шоу болады», деп жазды.