«Еленград» командасында доп тебетін хорватиялық ойыншы Иван Газдек күлкілі жағдайда алаңнан қуылды, деп жазады Prosports.kz.

Футболшы матч барысында алаңға шығып кетіп, доп ойнауға кедергі келтірген тауықты теуіп өлтіріп тастайды. Осы әрекеті үшін төреші оған қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуған.

Ойыншының өзінің айтуынша, жануарлар ойынға кедергі келтіргендіктен, оларды алаңнан қуып шықпақшы болған.