Латвия астанасында өтіп жатқан дәстүрлі Volvo Open Cup халықаралық турнирінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Никита Манько 4-ші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін екінші сатыда болған. Алайда ерікті бағдарламада тек бесінші нәтиже көрсете алды. Осылайша, қорытынды нәтижеде Манко 159,44 ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, бұл сында ресейлік спортшы Александр Голубев топ жарды (192.36).