Италия футбол федерациясы (FIGC) А Сериясының клубтарына бес футболшысын ауыстыруға рұқсат етуді ұсынды.

Мұндай бастаманы FIGC басшысы Габриэле Гравина көтеріп, футбол ережесіне түзетулер мен өзгерістер енгізуге құқылы Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесіне (IFAB) жолдады.

Егер өтініш мақұлданса А Сериясы Еуропада алаңда ауыса алатын футболшылар саны көбейген алғашқы топ-чемпионат болады. Әзірге Италияның С және D Серияларында ғана мұндай өзгеріс бар.