Танымал қазақстандық грэппл, джиу-джитсуден әлем чемпионы және бұрынғы ММА файтері Османжан Қасымов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Arlan MMA Pro командасының өкілдері Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовтың титулдық жекпе-жектері жайлы ой бөлісті.

19 қазанда «Жако» мен «Аяз» титулды қорғауды сәтті өткізді, бұл күн қазақстандық жанкүйерлер үшін маңызды болды. Соңғы 10 күнде чемпиондармен ондаған түрлі сұхбаттар жарияланды, бірақ сонымен бірге БАҚ өкілдері Қасымовтың жігіттерді дайындауға қосқан үлесін ұмытып кетеді. Бұрын Османжанның өзі сегіздікте талай тер төккен, бірақ 2015 жылдан бастап ол грепплинг пен джиу-джитсу спорт түрлеріне көп көңіл бөлді.

- Менің ойымша, жігіттер жақсы өнер көрсетті. Бұл жолы мен оларды даярлау процесіне толықтай қатыстым. Бұрын, анда-санда барып білгенімді үйретіп жүр едім. Енді жаттықтыруға түбегейлі бет бұрдым. Алматы тауларында, сосын Ақтөбеде Амандық Бакеевпен бірге жүрдік. Ия, мен екі жекпе-жекке қатысқым келді, бірақ 19 қазан күні чемпиондар әртүрлі қалалар мен елдерде болды. Жалғас Жұмағұловпен бірге барамыз деген жалпы шешім қабылдадық. Өйткені, "Жако" сырт елде төбелесетін болды. Ондай кезде спортшыға қолдау керек. Себебі сырт елдің қысымы деген болады. Морозов өз еліңде шайқасты, сондықтан қолдау жағынан оған оңайырақ болды. Олардың қалай дайындалғанын, жеңіске деген жігерлерін көрдім. Жеңіске жету үшін жігіттерде барлық мүмкіндік болды. Олар аянып қалған жоқ. Алайда, сіз шайқасқа толық дайынмын деп ойласаңыз да, кез-келген ұсақ дүние бәрін шешіп кетуі мүмкін. Сондықтан жекпе-жек өте тартысты өтті. Барлық қазақтар қолдау көрсетті. Жұмағұлов біздің елімізде немесе шетелде болсын, қазақстандық жанкүйерлерді көп жинайды. Өте керемет қолдау.