Тректегі велоспорттан рейтингілік әлем кубогі кезеңдері жалғасуда. 6 қараша күні Глазго қаласында (Ұлыбритания) кезекті кубоктік бәсеке басталады.

Глазго төрінде Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар - Әлішер Жұмақан, Роман Василенков және Павел Воржев.

Айта кетелік, велошабандоздар осыған дейін Беларусьтің Минск қаласында өткен әлем кубогі кезеңіне қатысқан болатын. Аталған сында қазақсандық Артем Захаров "омниумнан" 14-ші нәтижені көрсетті.